Қазақ әдебиетіндегі жауһар отыз кітап университет оқырмандарына насихатталды
Академик Ә. Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетінің ақпараттық білім орталығында,
әрбір саналы ел азаматы білуі тиіс отыз кітап оқытушы профессор құрамы мен студент оқырмандарының назарына 2021 жылдың «Бір ел -бір кітап» республикалық акция аясында, 🇰🇿»Тәуелсіздігіміздің отыз жылдығына — отыз кітап» көрмесіне негізделген оқырмандарды кітап оқуға қызығушылығын арттыру мақсатында «Кітап — білім кілті» атты еркін форматтағы әдеби кеш ұйымдастырылды.
Кеш М. Мақатаевтың «Үш бақытым» атты өлеңмен ашылып, оқырмандар қазақ әдебиеті мен әлем әдебиетінің жауһарына қатысты құрастырылған сұрақтарға жауап беріп, «Әдебиет — руханият өзегі» тақырыбында ой қозғады.
Ақпараттық — білім беру орталығының меңгерушісі Сұлтанбекова Клара кештің өзектілігі мен мақсатына тоқталып, студенттер бойына отансүйгіштік пен адамгершілік қасиеттерін дарыту үшін көнеден келе жатқан қазақ халық мәдени мұраларына көздің қарашығындай қарау қажеттігі — азаматтық екендігін атап өтті.
Сонымен бірге, Академик Әбдімұса Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетінің «орыс тілі мен әдебиеті» оқу бағдарламасының 4️⃣ курс студенті, аудармашы — Топанбай Мейірхан Мейрамбекұлы: «Кітап — құндылық. Онысыз адамзаттың дамуы тежеледі» -деп, «Әдебет және адамзат» тақырыбында баяндама аясында, өзінің қолынан шыққан қолөнер бұйымдарын көпшілік назарына ұсынды.
Студент оқырмандар қолөнер заттарына қызығушылық тантып, Мейірхан Мейрамбекұлының қолынан шыққан сөмкелердің тоқылу техникасын білуге талпынды.
Кеш студенттерге арналған «Сана» атты интелектуалды ойынмен қортындыланып, қатысушылардың ой пікірлері тыңдалып, сұрақ жауап өткізіп пікір алмасты.