Жаңа оқу жылы – жаңа білім мен биік белестер!

Құрметті әріптестер, білім алушылар және оқырмандар!

Халықтар достығы университетінің кітапхана ұжымы баршаңызды 1 қыркүйек – Білім күнімен шын жүректен құттықтайды!

Білім – сарқылмас қазына, ал кітапхана – сол қазынаның алтын кілті. Жаңа оқу жылы сіздер үшін жаңалықтарға толы, шабытты әрі табысты болсын! Біз сіздерді білім айдынында бағыт-бағдар сілтеп, әрқашан қолдауға дайынбыз.

Академик Ә. Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетінің кітапханасы – бұл тек кітап қоймасы емес, бұл идеялардың, зерттеулердің және жаңа достардың мекені. Бізбен бірге оқу – қызықты!

Жаңа оқу жылы құтты болсын, шәкірттер мен ұстаздар! Білім шыңдарын бағындыра беріңіздер!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *