Бүгін, 2026 жылдың 18 желтоқсанында, академик Ә. Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетінің Ақпараттық-білім беру орталығында ұлы ақын, ағартушы, қазақ әдебиетінің классигі Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына арналған салтанатты кітап көрмесі өтуде.
Көрмеде ұлы ойшылдың өмір деректері мен шығармашылығына арналған «Абайтану» сериясының көптомдықтары, сирек кездесетін басылымдары, қара сөздері мен поэтикалық жинақтары, сондай-ақ замандастары мен ғалымдардың зерттеу еңбектері ұсынылған.
Барлық білім алушыларды, оқытушылар мен ғылыми қызметкерлерді ұлы Абайдың асыл мұрасымен танысуға шақырамыз!
