Ағымдағы жылдың 1–2 қазан күндері біздің кітапхана қызметкерлері онлайн режимінде Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы мен Қазақстан кітапханалар одағы ұйымдастырған «Жасанды интеллект дәуіріндегі кітапхана: цифрлық трансформация және жаңа мүмкіндіктер» атты республикалық семинар-тренингке қатысты.
Екі күндік іс-шара барысында кітапхана саласына заманауи технологияларды енгізудің өзекті мәселелері талқыланды. Атап айтқанда, қатысушылар келесідей инновациялық жобалар мен ИИ шешімдерімен танысты:
- «НұрAI» ИИ-кітапханашы бағдарламасы;
- Chagatay 2.0 интеллектуалды жүйесі;
- Кітапханалық үдерістерді, каталогтауды және оқырмандарға қызмет көрсетуді оңтайландырудағы жасанды интеллекттің рөлі мен жаңа мүмкіндіктері.
Бұл шарадан алған білім мен тәжірибе кітапханамыздың қызметін заман талабына сай цифрландыруға және оқырмандарымызға сапалы қызмет ұсынуға өз септігін тигізеді.
