«Шын жүректен кітап сыйла» акциясы өтуде!

Құрметті әріптестер мен кітапхана оқырмандары!

Академик Ә. Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетінің Ақпараттық-білім беру орталығында 2026 жылдың сәуір айы бойы дәстүрлі «Шын жүректен кітап сыйла» акциясы өтуде!

Бұл акцияның басты мақсаты – кітапхана қорын байыту, оқу мәдениетін арттыру және оқырмандар арасында біліммен бөлісу дәстүрін дамыту.

Өзіңіз оқып шыққан, өзгелерге пайдасы тиеді деген көркем әдебиеттерді, оқулықтар мен ғылыми басылымдарды орталығымызға сыйға тартуларыңызға болады. Әрбір тапсырылған кітап – білім қазынасына қосылған үлес!

Баршаңызды белсене қатысуға шақырамыз!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *