Кітапханада «Кітаптардағы барлық даналық»

       Білім беруді, руханиятты, өскелең ұрпақты тәрбиелеуді дамытудың бірегей орындарының бірі — Академик Ә. Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетінің  ақпараттық білім беру орталығы. Кітапхана – оқырман мен кітап арасындағы басты көпір, ал кітапханашы – ұлттық құндылықтар мен кітапхана оқырмандарының сөзсіз ізбасары. 03.03.2025 ж. Ақпараттық – білім беру орталығының оқу залында, кітапхана меңгерушісі Сұлтанбекова Клара Сырлыбайқызы, «Орыс тілі мен әдебиеті» пәнінің оқытушысы Уразбаева Алиямен біргелесіп 6В01720 — «Орыс тілі мен әдебиеті» мамандығының 1-курс білім алушыларына «Кітапханада», «Кітаптардағы барлық даналық!» –  Абай Қ. атты іс – шараны өткізді.

      Іс – шара барысында білім алушыларға кітапхананың электрондық кітапхананың деректер базасының виртуалды таныстырылымы көрсетілді: IPR Smart — халықаралық цифрлық кітапханасы, Республикалық ЖОО аралық электрондық кітапхана (РМЭБ), AlmaU университетінің электрондық кітапханасы, онда білім алушыларға рефераттар, ғылыми мақалалар мен дипломдық жұмыстарды жазуға дайындықты нәтижелі жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *