Академик Ә. Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетінің ғылыми кітапханасының ғылыми және білім беру ақпараттық орталығы, баспа және электрондық форматта «Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесін бекіту туралы» (05.01.2024 ж. №4 бұйрық).
Біліктілік талаптарына сәйкес оқу ордамыздың басшылығымен кітапхана қоры үнемі баспа және электрондық басылымдар форматында және профессор-оқытушылар құрамының ғылыми еңбектері, оқулықтары, оқу-әдістемелік құралдарымен толықтырылуда. Университеттің оқу процесінің ғылыми зерттеу қызметіне, Ақпараттық білім беру орталығына тиімді қолдау көрсетіп, 16 дананы құрайтын таңдау пәндеріне арналған, магистранттарға «7М01514-Математика» білім беру бағдарламасы бойынша оқу құралы мен оқу-әдістемелік нұсқаулықтарды кітапхана қорына сыйға тарту еткеніне байланысты доцент, п.ғ.к. Қарабаев Амантай ағайға кітапхана құрылымының атынан үлкен алғысымызды білдіре отырып, «Үздік оқырман» номинациясы берілгені туралы хабарлаймыз!